Забур жырлары
Тарау 87 [86]
(Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда, Сионның қақпалары ұнамдырақ Жаратқанға Жақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.
2 Уа, Құдайдың қаласы, сен жайында Керемет жақсы жайттар айтылуда.
3 Өзімді танып білетіндер арасынан Мысыр мен Бабыл елдерін атаймын, Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын: «Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын.
4 Жұрт былай демек Сион қаласы жайында: «Осындай да осындай ер туған мұнда, Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
5 Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды: «Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.
6 Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде: «Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».