Забур жырлары
Тарау 56 [55]
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Алыстағы үнсіз көгершін» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол філістірлердің Дәуітті Ғат қаласында ұстап алған кезіне арналған.)Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді, Адамдар ұмтылады таптауға мені, Күні бойы қыспақтап, тап береді.
2 Жауларым күнде қудалап өкшелейді, Менмендер маған қарсы бас көтереді.
3 Қорыққанда Саған артам сенімімді.
4 Құдайға сеніп енді қорықпаймын, Берген сөзі үшін Оны мадақтаймын, Сонда пенде не жасай алады маған?
5 Күнде жаулар сөздерімді бұрмалайды, Әрдайым маған қарсы қастық ойлайды,
6 Жасырынып бір жерге жиналады, Бар қадамдарымды бақылап тұрады, Аңдып жанымды алуға ұмтылады.
7 Уа, Құдай, сұм істерімен құтылтпашы, Сол қыңыр ұлттарды қаһарыңмен құлдыратшы.
8 Шарасыздығымды ұмытпай ескересің, «Құтыңа» жинап қой көз жасымның бәрін, Жазылған жоқ па олар кітабыңда Сенің?
9 Сиынып сұрасам қолдауыңды Сенің, Кері шегінеді жауларым менің, Құдайдың маған жар екенін білемін.
10 Берген сөзі үшін Құдайды мадақтаймын, Берген уәдесі үшін Иемді даңқтаймын.
11 Құдайға сеніп енді қорықпаймын, Сонда пенде не жасай алады маған?
12 Уа, Құдайым, мен Өзіңе бағыштаймын Берген уәдеме сай шүкірлік тартуларын.
13 Өйткені аяғымды сүрінуден сақтадың, Жанымды ажалдың аранынан құтқардың. Осылай Сен мені Өзіңнің алдыңда Аман жүрсін дедің өмірдің нұрында.