Забур жырлары
Тарау 150
Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде, Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!
2 Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін, Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!
3 Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің, Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!
4 Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен, Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
5 Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен, Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!
6 Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді! Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!