Забур жырлары
Тарау 8
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің, Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің Сондай айбынды да даңқты есімің! Көктен биік мерейіңді өсірдің.
2 Балалардың, кішкене бөбектердің Аузымен Өзіңді дәріптетесің. Дұшпандарыңа бола солай істейсің, Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.
3 Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда:
4 Өзің ескеретіндей адам сонша кім, Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
5 Оны көктегілерден сәл төмен қойдың, Құрмет, салтанатты оған тәждей сыйладың.
6 Сен адам баласын билеуші еттің Қолыңнан шыққан бар жаратылысқа. Бәрін де оған бағындырып бердің:
7 Бүкіл ірілі-ұсақты малдарды да, Даладағы жабайы аңдарды да,
8 Самсаған құс пен судағы балықты, Теңіз ағыстарымен жүзгендерді Табыстадың Сен оның қол астына.
9 Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің, Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің Сондай айбынды да даңқты есімің!