Забур жырлары
Тарау 1
Мынадай адам шынымен бақытты: Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды, Күнәкарлар жолымен де жүрмейді, Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
2 Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады, Күні-түні сол туралы ойланады.
3 Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды: Сол мерзімінде жемісін береді, Жапырақтары кеуіп те сембейді, Не істесе де, ол табысқа жетеді.
4 Ал құдайсыздарда солай болмайды, Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,
5 Құдай сотында ақтала алмайды, Әділдер қауымында орны болмайды.
6 Әділдің қамын Жаратқан ойлайды, Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.