Забур жырлары
Тарау 123 [122]
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Назарымды Өзіңе аударамын, Уа, көкті мекендеуші Құдайым!
2 Құлдың көзі қожайынының қолынан, Күңінің көзі ханымының қолынан Таймайтындай, біз де Иеміз Құдайдан Көз алмаймыз рақым көргенше Одан.
3 Рақым ете гөр, уа, Жаратқан Ие, Мейіріміңді түсіре гөр біздерге, Тойындық жұрттың бізді жек көргеніне,
4 Жанымыз тойды менменнің қорлауына, Паңдардың бізді балағаттауына.