Забур жырлары
Тарау 128 [127]
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты!
2 Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
3 Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі Жемісті жүзім бұтасы секілді, Ал ұл балаларың дастарқан басындағы Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.
4 Жаратқан Ие осылай жарылқайды Өзін терең қастерлеген жандарды.
5 Сион тауындағы киелі үйінен Жаратқан Ие сені жарылқай берсін. Өмір бойы Иерусалимнің амандығын
6 Көресің һәм немерелеріңнің қызығын. Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!