Забур жырлары
Тарау 133 [132]
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)Бауырлардың ынтымақта тұрғандары Қандай тамаша да жарасымды!
2 (Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда) Басына құйылған жұпар май іспетті, Ынтымақтастық та аса ізгілікті! Сол иісмай Һаронның басынан сақалына, Киімінің етегіне дейін аққан еді.
3 Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы — Хермон тауына түсетін шық тәрізді. Бұл шық Сион тауына да түседі, Жердің бәрін құнартып, көгертеді. Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.