Забур жырлары
Тарау 15 [14]
(Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады, Киелі тауыңда кімнің тұруына болады?
2 Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді, Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді,
3 Ешкімді уытты тілмен өсектемейді, Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді, Жақынының арына дақ түсірмейді.
4 Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды, Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды, Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды,
5 Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды, Пара алып жазықсыз жанды қараламайды. Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды.