Забур жырлары
Тарау 113 [112]
Жаратқан Иені мадақтаңдар! Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар, Жаратқанның есімін мадақтаңдар!
2 Қазіргі кезден мәңгілікке дейін Жаратқанның есімі дәріптеле берсін!
3 Күннің шығысынан батысына дейін Жаратқанның есімі қастерлене берсін!
4 Жаратқан бар ұлттардан да жоғары, Оның салтанаты аспаннан да жоғары.
5 Кім Құдайымызға тең бола алады? Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,
6 Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
7 Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар, Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.
8 Оларды әміршілермен бірге отырғызар, Халқының көсемдерімен жайғастырар.
9 Бедеу әйелді отбасымен жарылқар, Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар. Жаратқан Иені мадақтаңдар!