Забур жырлары
Тарау 129 [128]
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жастайынан көріп келген қыспағы Жайлы айтып берсін Исраил халқы:
2 «Жастайымнан мол көрдім қыспақты, Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
3 Жон арқамда айдағандай соқаны Ұзынынан созылған атызы қалды.
4 Бірақ Жаратқан Ие әділетті, Сұмдар салған кісеннен азат етті».
5 Сионды жек көрген дұшпандарының Бәрі ұятқа қалып кері қайтсын,
6 Өспей жатып бірден қурап қалатын Үй төбесіндегі шөпке олар ұқсасын:
7 Орақшының қолы соған талмайды, Бау байлаушының құшағы да толмайды.
8 «Жаратқан Ие сендерді жарылқасын, Бата береміз Жаратқанның атымен» Деп қастарынан өткендер тілемесін!