Забур жырлары
Тарау 116 [115]
Ием, мен Саған сенімімді жүктедім, Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
2 Үрейім ұшып, тым абыржыған едім, «Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.
3 Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын Қалай ғана Өзіне қайтара аламын?
4 Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанын Көтеріп, паш етемін Иеміздің атын,
5 Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын.
6 Иемізге бағышталған адамдарының Ажалына Жаратқан Ие аударады назарын.
7 Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін, Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын, Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.
8 Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған, Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан.
9 Жаратқанға берген анттарымның барлығын Бүкіл халқы алдында іске асырамын:
10 Иемнің киелі үйінің ауласында, Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда. Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!