Забур жырлары
Тарау 122 [121]
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)«Барайық киелі үйіне Жаратқанның!» Дегенді естіп қатты қуандым.
Уа, Иерусалим, аяғымыз біздің Қақпаларыңның алдында тұр сенің.
2 Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған.
3 Осында өрлеп келіп тұрады Жаратқанға сиынатын рулары, Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды: Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.
4 Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.
5 Амандық тілеңдер Иерусалим үшін: «Қаланы сүйетіндер өркендесін,
6 Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!»
7 Тума-туыс, дос-жарандарым үшін Қалаға аман-есендік тілеймін.
8 Құдай Иеміздің киелі үйі үшін Иерусалимге зор игілік тілеймін.