Забур жырлары
Тарау 67 [66]
(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын жыр әрі ән.)Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр, Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
2 Бүкіл жер бетінде Сенің жолың мәлім болсын, Барлық халықтарға құтқаруың аян болсын!
3 Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін, Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
4 Рулар қуана-қуана ән шырқай берсін, Себебі Сен ұлттарды әділдікпен билейсің, Жер бетіндегі руларға дұрыс бағыт сілтейсің.
5 Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін, Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
6 Сонда жердің топырағы бізге өнімін сыйлар, Һәм Құдай, сиынған Құдайымыз, бізді жарылқар.
7 Лайым Құдай бізді жарылқай берсін, Бар жердегі адамдар Оны қастерлесін!