Забур жырлары
Тарау 43 [42]
Уа, Құдай, үкім шығарып мені ақташы, Бұл мейірімсіз халықтан мені қорғашы, Әділетсіз өтірікшілерден құтқаршы!
2 Өйткені Сен бас сауғалайтын қорғанымсың, Неден менен бас тартып, жалғыз қалдырдың? Неге жаудан қиналып жүруге тиіспін, Не үшін қайғы-қасірет шегуге мәжбүрмін?
3 Нұрың мен шындығыңды жіберші, уа, Ием, Олар киелі тауыңа маған жол көрсетсін, Мені Өзің мекендейтін орынға жетелесін,
4 Сонда Саған арналған құрбандық үстеліне, Әрі шаттығым мен рақатымның көзіне — Уа, Құдайым, Өзіңнің алдыңа барамын, Жетігенмен Саған, Құдайым, мақтау айтамын.
5 Жан дүнием, неге сен мұңаясың, Бойымда алаңдап неге мазасызсың? Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе! Өйткені Құтқарушымды — өзімнің Құдайымды мадақтаймын әлі де.