Забур жырлары
Тарау 121 [120]
(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)«Тауға көзді қадаймын Қайдан жәрдем келер деп.
2 Көк пен жерді жаратқан Құдай Ием маған жар».
3 «Тайдырмайды Ол табаныңды, Ұйықтамайды Қорғаушың,
4 Исраилді Қолдап-қорғаушы Қалғымайды да ұйықтамайды.
5 Қорғаушың — Жаратқан Ие, Қасыңда Ол саяң болып жүреді,
6 Күндіз күннің, түнде айдың Тимесін деп сәулелері.
7 Жамандықтың барлығынан Жаратқан Ие сені сақтайды, Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.
8 Бүгіннен бастап мәңгі бақи Иеміз қорғайтын болады Барып-келу сапарыңды».