Әйүп

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42


Тарау 25

Шуахтық Билдад Әйүпке қарсылық білдіріп былай деді:
2 — Құдайда билік бар, барша жұрт Оны терең қастерлеуі керек. Ол көктің биігінде тәртіп орнатады.
3 Оның көктегі періштелер топтарын кім санай алар еді? Ол өз жарығын кімнің үстіне түсірмейді?
4 Сонда адам баласы Құдайдың алдында қалайша әділ бола алады? Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді?
5 Тіпті ай да Оның алдында жеткілікті жарық емес, жұлдыздар да айқын емес! 6 Салыстырсақ, пенде жай жер құртына ұқсайды, адам баласы тек күйе құрты сияқты.