Жаратылыстың бастауы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50


Тарау 10

Мынау Нұхтың ұлдары Шам, Хам және Япшінің үрім-бұтақтарының шежіресі: олардың ұлдары топан судан кейін дүниеге келді.
2 Япшінің ұрпақтары мыналар: Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас.
3 Гомердің ұрпақтары: Ашкеназ, Рифат, Тоғарма.
4 Яуанның ұрпақтары: Елиша, Тарсис, Киттим, Доданим.
5 Бұлардан аралдар мен жағалауы бар жерлерде тұратын түрлі-түрлі халықтар тарады. Олар бір-бірінен өз тіл ерекшеліктері, рулары және ұлттарына қарай бөлінген еді.
6 Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр, Пұт, Қанахан.
7 Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабта, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан.
8 Құш — Нымродтың әкесі. Нымрод жер бетіндегі күшті әміршіге айналып,
9 Жаратқан Иенің көзіне түскен мықты аңшы да болды. «Мынау Жаратқан Иенің көзіне түскен Нымрод сияқты мықты аңшы екен» деген сөз содан қалған.
10 Нымродтың патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аққад, Қална деген қалалардан басталатын еді.
11 Нымрод осы жерден Ассурға барып, Ниневи, Рехобот-Ир, Қалах деген қалаларды
12 және Ниневи мен Қалахтың арасында орналасқан Ресен қаласын да тұрғызды. Ресен үлкен қала болатын.
13 Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух,
14 патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты.
15 Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханның ұрпақтарынан хеттік,
16 ебустік, аморлық, гергестік,
17 хевтік, арқалық, синдік,
18 аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да шықты. Кейін қанахандықтардың рулары әрі қарай тарап кетті.
19 Олар орналасқан аймақ Сидоннан басталып Герар арқылы Газаға дейін, сонан соң Содом, Ғомора, Адма, Себоимды орап өтіп, Лашаға дейін созылып жататын.
20 Бұлар руларына, тіл ерекшеліктеріне, тұрған жерлеріне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Хамнан тараған ұрпақтар еді.
21 Япшінің ағасы Шамнан да ұлдар туған. Шам Еберден тараған барлық ұрпақтардың түп атасы еді.
22 Шамның ұлдары: Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама.
23 Араманың ұлдары: Ус, Хұл, Гетер, Маш.
24 Арпақсаттан Шелах, Шелахтан Ебер туды.
25 Еберден екі ұл туды: тұңғышының есімі Пелек (яғни «Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді.
26 Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах,
27 Хадорам, Узал, Диқла,
28 Обал, Әбімаил, Сәба,
29 Опыр, Хауила, Жобаб туды. Бұлардың бәрі — Жоқтанның ұлдары.
30 Олардың тұрған жерлері Мешадан бастап Сефар арқылы шығыста орналасқан таулы аймаққа дейін жететін.
31 Бұлар руларына, тіл ерекшеліктеріне, тұрған жерлеріне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Шамның ұрпақтары еді.
32 Шығу тегіне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Нұхтың ұлдарының ұрпақтары — осылар. Олардан топан судан кейін пайда болған халықтар жер бетіне тарап кетті.