Естер
Тарау 10
Ахасуер патша құрлықта және теңіз аралдарында орналасқан бүкіл патшалығына салық салды.
2 Оның ұлы да құдіретті іс-әрекеттерінің бәрі және өзі жоғарылатқан Мардохайдың биік дәрежесі туралы «Мидия мен Персия патшаларының жылнамалары» кітабында жазылған.
3 Яһуди Мардохайдың мәртебесі тек қана Ахасуер патшадан кейінгі екінші орында болды. Яһудилердің арасында оның абыройы өте жоғары еді. Мардохай өз халқының қамын ойлап, бүкіл келер ұрпақтың да игілігі үшін сөз сөйлеген болатын. Сол үшін ол ұлттастарының ризашылығына бөленді.