Нехемия

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13


Тарау 12

Салатиел ұлы Зоробабелмен және Ешуамен бірге қайтып келген діни қызметкерлер мен леуіліктер мыналар: Сераях, Еремия, Езра,
2 Амариях, Маллух, Хатуш,
3 Шеханиях, Рехум, Меремот,
4 Иддо, Гиннетон, Абиях,
5 Миямин, Моадиях, Билға,
6 Шемаях, Жояриб, Едаях,
7 Саллу, Амоқ, Хелкия мен Едаях. Бұлар бас діни қызметкер Ешуаның кезіндегі діни қызметкерлердің жетекшілері және олардың ағайындары болатын.
8 Леуіліктер: Ешуа, Бинуй, Қадмиел, Шеребиях, Яһуда, Маттаниях өзінің ағайындарымен бірге мадақтау мен шүкіршілік ән-жырларын орындауға жауапты.
9 Олардың ағайындары Бақбұқиях пен Унни әлгілерге қарама-қарсы бетте тұрып, ән-күй қызметтерін атқарады.
10 (Бұрынғы бас діни қызметкер) Ешуа Жохақымның әкесі, Жохақым Елияшиптің әкесі, Елияшип Жояданың әкесі,
11 Жояда Жонатанның әкесі, Жонатан Ядуаның әкесі болды.
12 Жохақымның заманында діни қызметкерлердің әулет басылары мыналар еді: Сераях әулеті — Мераиях, Еремия әулеті — Хананиях,
13 Езра әулеті — Мешулам, Амариях әулеті — Жоханан,
14 Маллух әулеті — Жонатан, Шеханиях әулеті — Жүсіп,
15 Харым әулеті — Адна, Меремот әулеті — Хелқай,
16 Иддо әулеті — Зәкәрия, Гиннетон әулеті — Мешулам,
17 Абиях әулеті — Зіхри, Міниәмін мен Моадиях әулеті — Пілтай,
18 Билға әулеті — Шаммуа, Шемаях әулеті — Ехонатан,
19 Жояриб әулеті — Матынай, Едаях әулеті — Ұззи,
20 Саллу әулеті — Қаллай, Амоқ әулеті — Ебер,
21 Хелкия әулеті — Хашабиях, Едаях әулеті — Нетанел.
22 Елияшип, Жояда, Жоханан және Ядуаның (бас діни қызметкер болған) кездерінде леуіліктердің әулет басылары тізімге тіркелген еді. Діни қызметкерлердің әулет басылары парсы патшасы Дарийдің заманында тіркелді.
23 Леуі руының Елияшип ұлы Жохананның заманына дейінгі әулет басылары Шежіре жазбасына жазылып қалдырылды.
24 Леуіліктердің топ жетекшілері: Хашабиях, Шеребиях, Қадмиел ұлы Ешуа. Мадақтау мен шүкірлік ән-жырларын айтқанда олардың қарсысында өздерінің ағайындары тұрады. Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес, осы екі топ кезектесіп ән-жыр айтып тұратын болуы керек.
25 Қақпалардың маңындағы қойма бөлмелерін күзететін қақпашылар: Маттаниях, Бақбұқиях, Абадиях, Мешулам, Талмон, Ақуб.
26 Олар Ехосадық немересі Ешуа ұлы Жохақым, аймақ әкімі Нехемия және діни қызметкер әрі дін мұғалімі Езра қызмет етіп жүрген осы кезде міндеттерін атқаруда.
27 Иерусалим қаласының қабырғаларын Құдайға бағыштау рәсіміне арнап жер-жерде тұрып жатқан леуіліктер шақырылып, Иерусалимге жиналды. Олар осы қуанышты рәсім мен тойға қатысып, шүкірлік пен мадақтау ән-жырларын айтып, даңғыра, жетіген, шертерлермен сүйемелдейтін болды.
28 Сонымен қатар Иерусалимнің төңірегіндегі ауданнан, нетопаттықтардың елді мекендерінен,
29 Бет-Ғылғалдан, Геба мен Азмаует маңындағы далалық жерлерден сонда тұратын әншілер жиналды. Өйткені әншілер Иерусалимнің төңірегінде өздеріне елді мекендер салып алған болатын.
30 Бағыштау рәсімі басталмас бұрын діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтіп, өздерін қайтадан Жаратқан Иенің қызметіне бағыштады. Содан олар халыққа, қақпаларға және қабырғаға тазару рәсімін жасап оларды Жаратқан Иеге бағыштады.
31 Мұнан кейін мен Яһуданың басшыларын ертіп алып қабырғаның үстіне шықтым. Шеру құрып, шүкірлік пен мадақтау ән-жырларын айтып жүретін екі топты тағайындаған едім. Біреуі қабырғаның үстімен оң жаққа, Күл қақпасына қарай кетті.
32 Осы топтың соңынан мыналар еріп жүрді: Хошаях және Яһуда басшыларының жартысы —
33 Азариях, Езра, Мешулам,
34 Яһуда, Бунямин, Шемаях, Еремия,
35 сондай-ақ керней тартатын бірнеше діни қызметкер шәкірттері және Жонатан ұлы Зәкәрия. Жонатан Шемаяхтан, Шемаях Маттанияхтан, Маттаниях Миқаядан, Миқая Зақурдан, Зақур Асафтан тараған болатын.
36 Зәкәриямен бірге оның ағайындары Шемаях, Азарил, Милалай, Ғилалай, Мағай, Нетанел, Яһуда, Ханани де жүріп отырды. Олар Құдайдың таңдаған адамы Дәуіттің қалдырған нұсқауларына сәйкес аспаптарда ойнады. Осы шеруді дін мұғалімі Езра бастап жүрді.
37 Қайнар қақпасынан өткен соң олар Дәуіттің шаһарына апаратын баспалдақтармен тура ішкі қабырғаға қарай өрлеп барды. Содан олар Дәуіттің сарайының жоғарғы жағынан өтті де, қала қабырғасының шығыс жағындағы Су қақпасына келіп тоқтады.
38 Ал екінші шүкірлік пен мадақтау ән-жырларын айтатын топ қарама-қарсы сол жаққа қарай кетті. Мен Яһуданың басшыларының екінші жартысымен бірге қабырғаның үстімен олардың соңынан еріп отырдым. Біз Тандыр мұнарасы, Кең қабырға,
39 Ефрем қақпасы, Көне қақпа, Балық қақпасы, Хананел және Жүздік мұнараларының жанынан өтіп, Қой қақпасына дейін жеттік. Ақыры, біз Қарауыл қақпасына келіп тоқтадық.
40 Сол жерде шүкірлік пен мадақтау ән-жырларын айтатын екі топтың екеуі де Құдайдың киелі үйіне келіп тұрды. Мен де басшылардың жартысымен бірге сонда тұрдым.
41 Керней тартатын діни қызметкерлер: Елиәкім, Мағасиях, Міниәмін, Миқая, Елиохенай, Зәкәрия, Хананиях.
42 Сондай-ақ Мағасиях, Шемаях, Елазар, Ұззи, Жоханан, Малқиях, Елам, Езер де сол жерде тұрды. Әншілер Израхияхтың басқаруымен қатты дауыспен ән-жыр айтып тұрды.
43 Сол күні халық көптеген малдарды құрбандыққа шалды. Құдай зор қуаныш сыйлап, бәрі шат-шадыман болды. Әйелдер мен бала-шағалар да мәз болып қатты қуанды. Иерусалимдегі қуанышты мерекенің үні алысқа естіліп тұрды.
44 Сол күні бірнеше адам арнайы қойма бөлмелерінің басқарушысы болып тағайындалды. Сол бөлмелерге сый-тартулар, алғашқы өнім және өнімнің он бөлігінің бірі қойылып сақталады. Осылайша қалаларға жататын егістіктерден түскен өнімнің Таурат заңындағы нұсқау бойынша діни қызметкерлер мен леуіліктерге тиесілі бөліктері сол қоймаларға әкелініп жиналады. Себебі Яһуданың халқы діни қызметкерлер мен леуіліктердің қызмет жасап жүргеніне риза болып қуанды.
45 Солар өз Құдайларына жақсылап қызмет етіп, тазарту рәсімін де орындап жүрді. Сондай-ақ, әншілер мен қақпашылар да міндеттерін Дәуіт патшаның және оның ұлы Сүлеймен патшаның қалдырған нұсқаулары бойынша атқаратын.
46 Ежелде, Дәуіт пен Асафтың заманында, Құдайды мадақтап, шүкірлік ән-жырларын орындайтын әншілердің жетекшілері тағайындалған болатын.
47 Осылайша Зоробабелдің және Нехемияның замандарынан бері Исраил халқы әншілер мен қақпашыларға күнделікті азық-түлік үлестерін беріп келеді. Олар, сондай-ақ, басқа да леуіліктерге тиесілі азық-түлікті бөліп отырады. Ал леуіліктер (өз кезектерінде) Һаронның ұрпақтары — діни қызметкерлерге тиісті үлесті бөліп береді.