Езра
Тарау 2
Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендері мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.
2 Олардың жетекшілері: Зоробабел, Ешуа, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах. Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:
3 Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.
4 Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.
5 Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам.
6 Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам.
7 Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.
8 Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам.
9 Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.
10 Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам.
11 Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам.
12 Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам.
13 Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам.
14 Бигуайдың ұрпақтары: екі мың елу алты адам.
15 Адинның ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам.
16 Езекияның тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам.
17 Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам.
18 Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам.
19 Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам.
20 Гибардың ұрпақтары: тоқсан бес адам.
21 Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш.
22 Нетопаттың адамдары: елу алты.
23 Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.
24 Азмауеттің адамдары: қырық екі.
25 Кирият-Иғаримның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.
26 Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.
27 Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.
28 Бетел мен Айдың адамдары: екі жүз жиырма үш.
29 Небоның адамдары: елу екі.
30 Мағбиштың адамдары: жүз елу алты.
31 Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.
32 Харымның адамдары: үш жүз жиырма.
33 Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бес.
34 Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.
35 Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз.
36 Діни қызметкерлер: Едаяхтың Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.
37 Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі.
38 Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.
39 Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам.
40 Леуіліктер: Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам.
41 Әншілер: Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам.
42 Қақпа күзетшілері: Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз.
43 Ғибадатхана қызметшілері: Сиха, Хасуфа, Таббаот,
44 Керос, Сиях, Падон,
45 Лебанах, Хагабах, Ақуб,
46 Хагаб, Шамлай, Ханан,
47 Гиддел, Ғахар, Реях,
48 Ресин, Некода, Ғазам,
49 Ұзза, Пасеах, Бесай,
50 Асна, Меуним, Нефисим,
51 Бақбұқ, Хақуфа, Хархур,
52 Баслут, Мехида, Харша,
53 Барқос, Сисара, Тамах,
54 Несиях және Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.
55 Сүлейменнің қызметшілері: Сотай, Хасоферет, Перуда,
56 Ялах, Дарқон, Гиддел,
57 Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим және Ами есімді аталардың ұрпақтары.
58 Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.
59 Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген, бірақ өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмағандар мыналар:
60 Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз елу екі адам.
61 Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос және Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.
62 Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді.
63 Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».
64 Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.
65 Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз еркек, әйел әншілері болды.
66 Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,
67 төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.
68 Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады.
69 Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек берді.
70 Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, жалпы халықтың біразы, сондай-ақ әншілер, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері де өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы да (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.