түсік


  • Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.
    Бытие 1:27
  • Кісі өлтірме!
    Второзаконие 5:17
  • Мені анамның құрсағында жаратқан Құдайым қызметшілерімнің әрқайсысын да солай жаратқан жоқ па?!
    Әйүп 31:15
  • Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген, Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.
    Жыры 127:3
  • Сен іш құрылысымды қалыптастырдың, Ана құрсағында мені жараттың. Тамаша жаралдым, Сені мадақтаймын, Керемет ғажап — жасаған істерің, Мұны мен шын жүректен мойындаймын. Мен ана құрсағында қалыптастым, Құпия жерде жатқанда жаратылдым, Сенен таса болмады сонда сүйектерім, Ұрық күйімде мені көзіңмен көрдің. Сен маған бұйырған күндердің бірі Әлі де тумас бұрын, солардың бәрі Кітабыңда жазулы тұрған еді.
    Жыры 139:16
  • — Мен сені шешеңнің құрсағында жаратпастан бұрын-ақ білген болатынмын. Анаңның құрсағынан шықпай тұрып-ақ сені өз қызметіме бағыштап, халықтарға пайғамбар болуға тағайындап белгіледім. —
    Еремия 1:5