риза
-
Олар қуанышты да лепті үнмен ән-жыр айтып, мадақтай бастаған сәтте Жаратқан Ие Яһуда еліне қарсы Аммон мен Моаб елдерінен және Сейір тауынан аттанып келген жауынгерлерге тұтқиылдан тап беріп, олардың өз араларында келіспеушілік туғызды. Содан олар талқандалды.
2 Паралипоменон 20:22 -
Ал бұрынғы ұрпақтардан тәлім ала аласың. Олардың жан дүниелерінде сақталған дана сөздерінен ғибрат таба аласың.
Нехемия 8:10 -
Иемізге қуаныңдар, әділдер, шаттаныңдар! Шын жүректен адалдар, қуана ән салыңдар!»
Жыры 32:11 -
Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды, Адал жандардың мақтауы жарасымды.
Жыры 33:1 -
Ол Дәуіттің Әбимәлік алдында есуас болғансып, соның қасынан қуылып, құтылып кеткен оқиғасына арналған.)
Жыры 34:1 -
Күн сайын мен де Сені мақтап дәріптеймін, Әділдігіңді бар халыққа паш етемін.
Жыры 35:28 -
Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған, Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам».
Жыры 50:23 -
Әрдайым Иеміз мадақталсын, Құтқарушы Құдайымыз даңқталсын: Жүгімізді көтеріп жүр Ол күн сайын, Құдайдың Өзі — бізді аман сақтайтын. //
Жыры 68:19 -
Өзіңді мадақтауды еш тоқтатпаймын, Сенің көркіңді күнде жырлаймын.
Жыры 71:8 -
Мадақтау жиналысына шақырған Қуанышты дауысты танып, қосылған Халық сондай бақытты, өйткені оған Жүзіңнің нұрында жүру бұйырылған,
Жыры 89:15 -
Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау, Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау, Таң ата жариялап рақымыңды, Кешке де Өзіңнің адалдығыңды,
Жыры 92:1, 2 -
Құдайдың ғибадатханасына барып, Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп, Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп, Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!
Жыры 100:4 -
Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Шын жүректен қасиетті атын ардақтаймын. Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын, Маған көп жақсылық жасағанын ұмытпаймын.
Жыры 103:1, 2 -
Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін, Адамдарға істеген кереметтері үшін!
Жыры 107:8 -
Шүкірлік тартуларын Иемізге ұсынсын, Шаттық әнмен Оның істерін паш қылсын!
Жыры 107:22 -
Күннің шығысынан батысына дейін Жаратқанның есімі қастерлене берсін!
Жыры 113:3 -
Олардан шүкірлік ән-жырлары мен қуанғандардың үндері шығатын болады. Мен олардың сандарын азайтпай, өсіріп-өндіріп көбейтемін. Абыройға бөлеймін, олар енді масқара болмайды.
Еремия 30:19 -
Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық, Оған сиынып қолымызды жаяйық:
Плач 3:41 -
Жарамсыз да жалған тәңірлерге Табынушылар безеді өздеріне Рақым көрсетпек болған Құдайынан.
Жүніс 2:9 -
Адамдар көктен келген Маған бола сендерді жек көріп, орталарынан аластатып, қорлап, аттарыңа кір келтірсе, бақыттысыңдар! Сол күні қуана секіріп шаттаныңдар, себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр! Солардың ата-бабалары бұрынғы пайғамбарларға да солай істеген.
Лұқа 6:22, 23 -
Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!
Жохан 16:33 -
әрі Құдайды мадақтап дәріптеді. Бүкіл халық оларды ұнатты, ал Иеміз күн сайын тағы басқа адамдарды құтқарып, қауымына қосып отырды.
Елшілердің істері 2:47 -
Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер Иеміз Исаның аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды.
Елшілердің істері 5:41 -
Ей, пенде, Құдайға қарсы сөйлейтіндей сен кімсің?! Жаратылған нәрсе өзін жаратқанға: «Неге мені осылай жараттың?» деп айта ма?
Римдіктерге 9:20 -
Бізді ренжітеді, бірақ әрдайым қуаныштымыз. Кедей болсақ та, көптеген адамдарды байытамыз. Ештеңеміз жоқ болғанмен, бәріне де иеміз.
2 Қорынттықтарга 6:10 -
Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер. Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!
Ефестіктерге 5:19, 20 -
Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер!
Філіпіліктерге 4:6 -
Мұны бір нәрсе қажет болғандықтан айтып тұрған жоқпын. Мен қандай жағдай болмасын, қолдағы барды қанағат етуді үйрендім.
Філіпіліктерге 4:11 -
Оған барлық жағдайларда да алғыс айтыңдар! Иса Мәсіхтің жолымен жүруші сендерден Құдай осыны күтеді.
Салониқалықтарга 5:18 -
тұтқынға түскендерге жандарың ашып, жәрдем бердіңдер. Мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуана қабылдадыңдар! Себебі көкте өздеріңе арналған, одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер.
Еврейлерге 10:34 -
Қорыта айтқанда, бәрің де өзара ниеттес, қуаныш пен қайғыға ортақтас, бір-біріңді туған бауырлардай сүйетін, қайырымды да кішіпейіл болыңдар.
Петірдің 1:8 -
Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый-тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады.
Еврейлерге 13:15 -
But and if ye suffer for righteousness' sake, happy are ye : and be not afraid of their terror, neither be troubled;Тіпті әділдік үшін азап шегетін болсаңдар да, соларың арқылы жарылқанасыңдар. Өздеріңді қорқытқандардан «не қорықпаңдар, не қысылмаңдар!»
Петірдің 3:14 -
Қайта, неғұрлым көбірек Мәсіх секілді азап шексеңдер, соғұрлым көбірек қуаныңдар. Сонда Мәсіх салтанатты ұлылықпен қайта оралып, ашық көрінген кезде де шаттанып қуанатын боласыңдар....Ал мәсіхші болғандарыңа бола жәбірленсеңдер, одан ұялмаңдар, керісінше, Мәсіхтің атымен аталғандарың үшін Құдайды мадақтаңдар.
Петірдің 4:13, 16 -
Мұнан кейін тақ жағынан бір дауыс шықты: «Мадақтаңдар Құдайымызды, Күллі қызметшілері Оның! Дәріптей беріңдер, Тәңірімізді Қастерлейтін үлкен-кіші барлығың!»
Аян 19:5