Декреттік


  • Иә, әкеңнің Құдайы өзіңді қолдайды! Құдіреті шексіз Құдай сені аспаннан Бар жақсылықтармен жарылқасын әрқашан! Шыңырау бұлақтарын молынан ағызсын, Сәби мен төлді көп қып, аққа тойғызсын!
    Бытие 49:25
  • Ал Исраилдің үрім-бұтағы өсіп-өніп, сансыз көбейіп, күшейіп алғандары соншалық, жер солармен толып кетті.
    Исход 1:7
  • Ол өздеріңе табыстауға ата-бабаларыңа антпен уәде еткен елде сендерді сүйіп, жарылқап, көбейтеді. Сендерді ұрпақты етіп, жерлеріңнің өнімін де жарылқап, өндірген астықтарыңды, жүзім шырындарыңды, зәйтүн майларыңды және табын-отарларыңның төлдерін мол қылатын болады. Сендер басқа халықтардың бәрінен де мол жарылқанатын боласыңдар. Араларыңда бала сүйе алмайтын не еркек, не әйел болмайды, малдарың да қысыр қалмайды.
    Второзаконие 7:13, 14
  • Мені анамның құрсағында жаратқан Құдайым қызметшілерімнің әрқайсысын да солай жаратқан жоқ па?!
    Әйүп 31:15
  • Әулеті оның елде күшті болады, Иә, әділдің ұрпақтары жарылқанады,
    Жыры 112:2
  • Бедеу әйелді отбасымен жарылқар, Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар. Жаратқан Иені мадақтаңдар!
    Жыры 113:9
  • Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген, Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.
    Жыры 127:3
  • For thou hast possessed my reins: thou hast covered me in my mother's womb.
    Жыры 139:13
  • Сен іш құрылысымды қалыптастырдың, Ана құрсағында мені жараттың.
    Жыры 147:13
  • Тәңір Ие оларды ізгі шопандай бағады: «қозыларын» қолына алып, кеудесіне басып көтеріп, «саулықтарын» жайлап алға бастап жүреді.
    Ишая 40:11
  • Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін. Олар жайлаудың шөбіндей көктеп, өзен жағасындағы теректей өсіп-өне береді.
    Ишая 44:3, 4
  • — Мен сені шешеңнің құрсағында жаратпастан бұрын-ақ білген болатынмын. Анаңның құрсағынан шықпай тұрып-ақ сені өз қызметіме бағыштап, халықтарға пайғамбар болуға тағайындап белгіледім. —
    Еремия 1:5
  • Жаратқан Иеге сенген сен бақыттысың, Оның саған айтқаны жүзеге аспақ!
    Лұқа 1:45
  • Сенімі арқылы Ыбырайым жасы ұлғайған шағында әйелі Сарадан бала сүю үшін Құдайдың құдіретін қабылдады. Ол Сараның бедеулігіне қарамастан, ұлды етуге уәде берген Тәңір Иені сөзінде тұрады деп санады.
    Еврейлерге 11:11
  • Кең-байтақ жерге Ол мені шығарды, Маған риза болып аман құтқарды.
    Жыры 18:19
  • Құлақ түріп маған, тез құтқара көрші, Бас сауғалар құз бен қорғаным бола көрші.
    Жыры 31:2
  • Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрады Оның періштесі, ол соларды құтқарады.
    Жыры 34:7
  • Уа, Ием, рақым етіп мені құтқара гөр, Маған көмекке тездетіп келе гөр.
    Жыры 40:13
  • Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін, Уа, Ием, Сен жағдайымды ойлайсың. Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің, Кешіге көрмеші, о, Құдайым менің.
    Жыры 40:17
  • Қиындық көргеніңде шақыр Мені, Сонда құтқарып аламын сені, Ал өзің мадақтайтын боласың Мені».
    Жыры 50:15
  • Сары уайымға салынды жан дүнием, Өзіңе сиынамын жердің шетінен, Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.
    Жыры 61:2
  • Себебі Жаратқан Ие былай деп айтқан: «Өзімді сүйгенді Мен құтқарып аламын, Өзімді мойындағанды қорғайтын боламын,
    Жыры 91:14
  • Сөз жоқ, зұлым жан жазасын тартар, Әділдің ұрпағы аман құтылар.
    Притчи 11:21
  • Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды, Қажып, шаршағанға күш табыстайды. Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды, Тіпті жігіттер де сүрініп құлайды, Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
    Ишая 40:29-31
  • Олар бекерге еңбек етпейді де, апатқа ұшырайтын балалар тумайды да. Себебі өздері мен ұрпақтары Өзім, Жаратқан Ие, жарылқаған үрім-бұтақ болады.
    Ишая 65:23
  • Ал Құдайдың таңдаған қаласы толғатпай-ақ босанып, қиналмай-ақ ұл туған әйел секілді болады....— Айы-күніне жеткізе отырып, Мен Сионды қалайша босандырмаймын? Туу қабілетін сыйлай тұра, қалайша оның құрсағын бекітіп қоямын? — дейді астарлап Құдайың Жаратқан Ие.
    Ишая 66:7, 9
  • Әйел босанатын кезде қайғырады, себебі оның қиналатын уақыты жетті. Ал баласын туған соң, дүниеге адам келді деп қуанғанынан қиналғанын ұмытып кетеді.
    Жохан 16:21
  • Сендер әлі күнге дейін қатты сыналған жоқсыңдар, еліктірген жағдайлар әдетте адамдардың бастарына түсіп жүргендегідей ғана болып келді. Ал Құдай Өзінің уәдесіне берік: Ол төзімдеріңнен артық сыналуларыңа жол бермейді. Еліктірілген кездеріңде соған шыдауға күш-қуат беріп, құтылып шығудың лайықты жолымен қамтамасыз етеді.
    Қорынттықтарга 10:13
  • Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
    2 Қорынттықтарга 12:9
  • Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
    Ғалаттықтарга 6:9
  • Себебі маған күш-қуат беретін Мәсіхпен бірге болсам, бәріне де төзе аламын.
    Філіпіліктерге 4:13
  • Ал егер әйелдер сенім мен сүйіспеншілікті, қасиеттілік пен ұстамдылықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда (күнәнің ықпалынан) аман сақталады.
    Тімотеге 2:15