Балалар
-
Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар!
Второзаконие 6:7 -
Өздеріңе беріп отырған осы бұйрықтарымның бәрін мұқият тыңдап, орындайтын болыңдар! Сонда өздерің және болашақ ұрпақтарың үшін игілікті өмір сүретін боласыңдар. Себебі осылай еткендерің Құдай Иемізге ұнамды және дұрыс.
Второзаконие 12:28 -
оларға былай деді: «Мен бүгін сендерге нықтап айтқан осы сөздерді түгелдей жүректеріңе жазып, жаттап алыңдар! Содан бұл Таурат заңының барлық сөздерін балаларыңа үйретіп, сақтап орындауды өсиет етіңдер! Сол бұйрықтар жай сөздер емес, олар сендерге (рухани игілікке толы) өмірді алып келеді. Оларды ұстанатын болсаңдар, Иорданның арғы жағындағы иемденгелі тұрған елдегі өмірлерің ұзақ болады».
Второзаконие 32:46, 47 -
Сосын бәрін тексеріп қарап шыққаннан кейін биіктеу жерге тұрдым да, жетекшілер мен қызметкерлерге және бүкіл халыққа сөз сөйлеп былай дедім: «Олардан қорықпаңдар! Ұлы да айбынды Жасаған Иені естеріңнен шығармаңдар! Өз ағайындарың, ұл-қыздарың мен әйелдерің әрі үй-жайларың үшін шайқасыңдар!»
Нехемия 4:14 -
Келіңдер, балалар, тыңдаңдар сөзімді, Үйретемін сендерге Иемізді қастерлеуді.
Жыры 34:11 -
Жастар қалай таза жолмен жүре алады? Сөзіңе бағынып соны істей алады.
Жыры 119:9 -
Жастық шақтан өсіре гөр ұлдарымызды Жақсы өңделген дала дақылдары сықылды, Қыздарымыз болсын безендірген сарайдағы Әсемдеп өрнектелген бағана сияқты.
Жыры 144:12 -
Балам, берген нұсқауларымды еш ұмытпа, Өсиеттерімді менің жүректе сақта!
Притчи 3:1 -
Иеміз Өзі сүйетін әркімді Түзетеді әрі тәрбиелейді. Әкесі сүйікті баласын да Жазалайды қажет болғанда.
Притчи 3:12 -
Әрдайым былай деп әкем маған үйрететін: Жүрегіңе сөздерімді берік тоқып алғын, Өсиеттерімді орындап өмір сүргін. Парасатқа ие болып, даналыққа кенелгін, Сөздерімді ұмытып, бас тартып жүрмегін.
Притчи 4:4, 5 -
Әділ жан мінсіз өмір сүрер, Балалары жарылқауды иемденер.
Притчи 20:7 -
Жазасын тартқызбаған баласын сүймейді, Баласын сүйген оны жасынан тәрбиелейді.
Притчи 13:24 -
Жалған тілді наданнан гөрі Адал жүрген жарлы игі.
Притчи 19:1 -
«Сонымен, жастар, маған құлақ салыңдар, Қандай бақытты — жолымды сақтағандар! Өсиетімді тыңдап, дана болыңдар, Еш уақытта одан бас тартпаңдар!
Притчи 8:32-33 -
Баланы жастан салсаң тура жолға, Есейгенде ол содан таймайды да.
Притчи 22:6 -
Баланың жүрегінде надандық бар, Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.
Притчи 22:15 -
Баланы тәрбиесіз, бетімен жіберме, Жөнімен жазаласаң ол өлмейді де,
Притчи 23:13 -
Балаларыңның бәрі де Тәңір Иеден тәлім алмақ, әрі керемет амандық пен тыныштыққа кенелмек.
Ишая 54:13 -
Олар тамақтанып алғаннан кейін, Иса Шимон Петірден: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе? — деп сұрады. — Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Тоқты-қозыларымды бақ!
Жохан 21:15 -
Ал ата-аналар, балаларыңа шектен тыс ұрыспаңдар, керісінше, ақылмен жөн сілтеп, Иемізбен жүргендерге лайықты тәрбиелеңдер!
Ефестіктерге 6:4 -
Ата-аналар, балаларыңның ынжық болмауы үшін оларға шектен тыс ұрыспаңдар!
Қолостықтарга 3:21 -
Ол отбасына жақсы басшылық жасап, балаларын өзін құрметпен тыңдайтындай етіп тәрбиелеуі шарт.
Тімотеге 3:4 -
Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта!
2 Тімотеге 2:2 -
Сонымен жастықтың құмарлықтарынан бас тартып, пәк жүрекпен Иемізге сиынатындардың бәрімен бірге әділдік, сенім, сүйіспеншілік және татулыққа ұмтыл.
2 Тімотеге 2:22 -
Расында Құдайдың сендерді Өзінің рухани балалары деп атаған мынадай ескертпесін ұмыттыңдар ма: «Балам, Тәңір сені тәрбиелегенде Онысын ешқашан менсінбей жүрме, Ол сені жөнге келтіргенде, Лайым еңсең түсіп жүнжіме! Иеміз сүйетін әркімді де Түзетіп тәрбиелейді де, Бауырына басқан әр баласын да Жазалайды қажет болғанда». Көріп жатқан азаптарыңа тәрбие ретінде шыдаңдар. Құдай сендерге рухани баласына қарағандай қарайды. Әкесі түзетпейтін бала бола ма? Барлық сенушілер де соны бастарынан өткізеді. Егер сендер осылай тәрбиеленбесеңдер, онда Оның шынайы рухани балалары болмағандарың. Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнумыз керек емес пе?
Еврейлерге 12:5-9 -
Рухани балаларымның шындық жолымен жүріп жатқанын естуден артық маған қуаныш жоқ.
3 Жоханның 1:4