адалдық
-
Жалған таразы Жаратқанға жиренішті, Адал таразы Оған ұнамдысы...Әділ жанды адалдығы жетелер, Арамзаның түбіне сұмдығы жетер.
Притчи 11:1, 3 -
Арамза жалған сөзінен ұсталар, Әділ жан пәледен аман құтылар...Білген шындығын айтқан әділдікті паш етер, Жалған куәгер болған опасыздық етер.
Притчи 12:13, 17 -
Күнәларын жасырған жан өркендемейді, Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді.
Притчи 28:13 -
Жамандыққа жамандықпен қайтармаңдар! Іс-әрекеттеріңнің жұрт алдында ізгі болуына тырысыңдар.
Римдіктерге 12:17 -
Иеміз алдында да, адамдар алдында да адал жүруге тырысамыз.
2 Қорынттықтарга 8:21 -
бір-біріңе өтірік те айтпаңдар! Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап,
Қолостықтарга 3:9 -
Қайта, құпия да ұят қылықтардан аулақ жүріп, ешқандай қулық-сұмдықты қолданбаймыз. Құдайдың хабарын бұрмаламаймыз да: Оның көз алдында шындықты ашық уағыздап, өзімізді барлық адамдардың ар-ұждандарына таныстырамыз.
2 Қорынттықтарга 4:2 -
Сондықтан сауығып кету үшін, жасаған күнәларыңды бір-біріңе айтып мойындап, бір-бірің үшін сиыныңдар! Әділ адамдардың Құдайға сиынуларының күші орасан зор.
Жақыптың 5:16