Талап


  • Енді жолға жиналып, осы бүкіл елдің түкпір-түкпірін кезіп шық! Өйткені оны саған беремін».
    Бытие 13:17
  • Біліп ал, Мен саған жар болып, қайда барсаң да қорғаймын, кейін сені осы жерге қайта алып келемін. Мен сені жалғыз қалдырмаймын, саған қандай уәде берсем, соның бәрін орындаймын».
    Бытие 28:15
  • Тәңір Ие тағы былай деді: — Тыңдаңдар. Мен сендерді жолда қорғап, Өзім дайындаған жерге алып баратын періштені алдарыңнан жіберіп отырмын.
    Исход 23:20
  • Ал қазір бар да, халықты Мен айтқан жерге бастап алып бар. Міне, періштем алдыңда жүріп отырмақ. Менің соттайтын күнім жеткенде оларды бұл күнәлары үшін жазалайтын боламын, — деп жауап берді.
    Исход 32:34
  • Жаратқан Ие: — Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.
    Исход 33:14
  • (Естеріңнен шығармаңдар:) Жерді мүлдем қайтарылмайтындай етіп біржола сатып жіберуге болмайды, себебі елдің жері Менікі, ал өздерің Менің қасымда қоныстанушы жат жұрттық кірме іспеттісіңдер.
    Левит 25:23
  • Қай жерге аяқ бассаңдар, сол жер сендердікі болады. Жерлерің оңтүстіктегі Негев даласынан Ливан тауларына дейін, Евфрат өзенінен батыстағы теңізге дейін созылатын болады.
    Второзаконие 11:24
  • Келіп-кету жолдарың да жарылқаулы болады.
    Второзаконие 28:6
  • Кең-байтақ жерге Ол мені шығарды, Маған риза болып аман құтқарды.
    2 Царств 22:20
  • Менен сұра, сонда иелігіңе сенің Халықтарды мәңгілікке беремін, Шартарапты қол астыңа өткіземін.
    Жыры 2:8
  • Олар елден елге көшіп-қонатын, Патшалықтарды аралап орнығатын. Ал Құдай ешкімге соларды жәбірлетпеді, Олар жайлы патшаларға қатаң ескертті: «Тағайындағандарыма еш тиіспеңдер, Пайғамбарларыма зұлымдық істемеңдер!»
    Жыры 105:13-15
  • Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды, Иеміз оларды қасіреттен құтқарды. Мекендей алатын қалаға оларды Тура жолмен жетелеп бастап барды.
    Жыры 107:6, 7
  • Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды, Иеміз оларды қасіреттен құтқарды. Ол дауылды басып, саябырсытты, Теңіздің толқындарын да тыншытты. Дауыл басылғанда адамдар қуанды, Аңсаған кемежайына Ол бастап апарды.
    Жыры 107:28-30
  • Бүгіннен бастап мәңгі бақи Иеміз қорғайтын болады Барып-келу сапарыңды».
    Жыры 121:8
  • Таң шапағына қалықтап ұшсам да, Не теңіздің ар жағына қонсам да, Сол жерде де мені қолың жетелеп, Құдіретті қолың ұстайды демеп.
    Жыры 139:9, 10
  • Сонда сендер жолдан оңға не солға қарай бұрылмақ болғанда, бір дауыстың арт жақтан: «Жол мынау, сонымен жүріңдер!» дегенін еститін боласыңдар.
    Ишая 30:21
  • «Мен алдыңда жүріп отырып, жолыңдағы тау-төбедей кедергілерді тып-типыл етіп тегістеймін. Мықты қола қақпаларды быт-шыт қылып, темір ысырмаларын да сындырамын». Қараңғы жерлерде сақталған қазыналарды, жасырын орындарда жатқан байлықтарды саған табыс етемін. Осылай Менің кім екенімді білетін боласың: сені атыңды атап Өзіме қызмет етуге шақырған Жаратқан Иемін, Исраилдің Құдайымын!
    Ишая 45:2, 3
  • Сондықтан (жер аударылғандар жайлы) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен оларды алыстағы халықтардың арасына таратып, түрлі елдерге шашыратып жіберсем де, олар Маған азғана уақыт бойы сол барған жақтарында табынатын болады.
    Езекиел 11:16
  • Құдайдан сұраңдар, сонда ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады.
    Матай 7:7
  • Ыбырайым пайғамбар да Құдай өзін шақырып алып, кейін тұрақты меншігіне беруге уәде еткен елге барып тұруға бұйырғанда, Оған сеніп, мойынсұнды. Ыбырайым қайда бара жатқанын білмесе де, жолға шықты.
    Еврейлерге 11:8