мақтаныш


  • Пенделер, тағы да паңдана мақтанбаңдар, Ауыздарыңнан тәкаппар сөз шығармаңдар! Себебі Тәңір Ие бәрін біліп тұрады, Құдай істеріңе әділ үкім шығарады!
    Царств 2:3
  • Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб оған мына мақалмен жауап берді: — Оған айтып барыңдар: Семсерін асынып жатқан емес, онысын жеңіспен шешкен мақтансын!
    3 Царств 20:11
  • Менмендікке масқара серік, Кішіпейілге даналық серік.
    Притчи 11:2
  • Менмендік дау-жанжал туғызар, Даналық ақылдасқандарда болар.
    Притчи 13:10
  • Жаратқан Ие менменнің үйін талқандар, Ол жесірдің жерінің шекарасын қорғар.
    Притчи 15:25
  • Жаратқан Иеге жексұрын — жүрегі паңдар, Шүбә жоқ, жазасыз қалмайды олар.
    Притчи 16:5
  • Менмендік — күйреудің басы, Асқақтық — құлаудың алды.
    Притчи 16:18
  • Адамға түзу болып көрінген жолдар да бар, Ақырында олар ажалға бастап апарар.
    Притчи 16:25
  • Адам құлар алдында асқақ болар, Абыройы асар алдында кішіпейіл болар.
    Притчи 18:12
  • Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер.
    Притчи 22:4
  • Менмендік адамның мерейін түсірер, Кішіпейілдік оны құрметке жеткізер.
    Притчи 29:23
  • Осы әлем түгелдей Менің қолымнан шығып, пайда болды емес пе?! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Ал Мен көз қырымды салатындар: күнәларына шын жүректен өкініп, сөзімді терең қастерлеп, іске асыратындар.
    Ишая 66:2
  • Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.
    Лұқа 14:11
  • Сондықтан өзін «сенімімде берік тұрмын» деп санайтын әркім күнәға батудан сақ болсын!
    Қорынттықтарга 10:12
  • Ал Киелі Рух өмірлеріңде жетілдіретін игілікті «жеміс» мынадай: сүйіспеншілік, қуаныш, тыныштық, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық. Ешбір заң бұларға қарсы тұрмайды.
    Ғалаттықтарга 5:22, 23
  • Жеке басының абырой-атағын ойлайтын менмен емес, кішіпейіл болып, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар! Әрқайсың өз мүдделеріңді ғана емес, басқалардікін де ойлап жүріңдер! Иса Мәсіхтің мінез-құлқы сендердікі де болсын:
    Філіпіліктерге 2:3-5
  • Ал Тәңір Ие бізге (арам құмарлықтарға қарсы тұруға) рақымын молынан сыйлайды. Сол себептен де Киелі жазбаларда мынадай сөздер бар: Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, «ал езілген кішіпейілдерге рақымын сыйлайды».
    Жақыптың 4:6
  • Жаратқан Иенің алдында бой ұсыныңдар, сонда Ол сендерді жоғарылатпақ.
    Жақыптың 4:10
  • Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!
    Петірдің 5:5-7