Құру
-
Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.
Бытие 1:1 -
Сонан соң Құдай: «Теңіздер, көлдер және өзендер су жәндіктеріне толсын, әрі аспандағы әуе кеңістігінде құстар ұшып жүрсін!» — деп бұйырды.
Бытие 1:20 -
Осылай Құдай суды мекендейтін алып жануарларды, суда қаптап жүрген басқа да жануарлар мен жәндіктердің барлық түрін, сонымен бірге қанаттыларды да түр-түрімен жаратты. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
Бытие 1:21 -
Содан кейін Құдай: «Жер әр қилы тіршілік иелерін: малдар, бауырымен жорғалаушылар және аңдарды түр-түрімен шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да.
Бытие 1:24 -
Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін», — деді.
Бытие 1:26 -
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.
Бытие 1:27 -
Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді.
Бытие 2:7 -
Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.
Исход 20:11 -
Тек хайуандардан сұрап көр, олар саған үйретеді. Әуедегі құстардан сұра, олар саған айтып береді. Немесе жерден сұра, ол да саған көрсетеді. Теңіздегі балықтар да саған білдіреді. Осылардың қайсысы Жаратқан Иенің бәрін Өзінің құдіретті қолымен жаратқанын білмейді екен?
Әйүп 12:7-9 -
Осылай Құдай Өзінің ғажайып күркіреген даусын шығарады. Ол біз ұғына алмайтын керемет істерді істейді.
Әйүп 37:5 -
Қыраттар оған азық ұсынады, даланың аңдары да сол жерде ойнақтайды. Сусиыр лотос бұталарының астында, мибатпақтағы қамыстың арасында тасаланып жатады. Лотос жапырақтары оны көлеңкесімен жауып, өзен бойындағы талдар оны қоршап тұрады. Өзен астан-кестен болса да, сусиыр абыржымайды. Иорданның тасыған толқындары аузына соғылса да, ол тыныш болады.
Әйүп 40:15-18 -
Сен жараттың солтүстік, оңтүстікті де, Табор, Хермон таулары қуанады есіміңе.
Жыры 89:12 -
Жаратылмай-ақ жер мен бүкіл әлем, Таулар жаратылмас бұрын бар боп келген, Мәңгі тірі болатын Құдайсың Сен!
Жыры 90:2 -
Рухыңның лебін жіберіп, өмір жаратасың, Жер бетін қайтадан толтырып, жаңартасың.
Жыры 104:30 -
Жаратқанның атын дәріптесін барлығы, Ол бұйрық бергенде әлем жаратылды,
Жыры 148:5 -
Аспанды жайып жіберіп жаратқан, Жерді де өнімімен жайып тастаған, Адамдарға өмірдің лебін үрлеген, Жер басқанның бәріне тыныс берген Құдай Ие мынаны да айтқан:
Ишая 42:5 -
Жарықты да, қараңғылықты да Мен жараттым, не амандық орнатып, не апат жіберемін. Мен, Жаратқан Ие, мұның бәрін істеймін.
Ишая 45:7 -
Жерді және оның үстіндегі адамдарды жаратқан Менмін! Өз қолыммен аспан кеңістігін жайып жіберіп, барлық аспан денелерін өз бұйрығыммен орналастырдым және бақылаймын да.
Ишая 45:12 -
Аспанды жасаған Жаратқан Ие — шынайы Құдай. Ол жерді де қалыптастырып, нығайтты. Оны ретсіз, бос тұру үшін емес, мекендеу үшін жаратты. Құдай былай дейді: «Мен Жаратқан Иемін, Менен өзге құдай жоқ!
Ишая 45:18 -
— Біліп алыңдар: Мен жаңа аспан мен жаңа жерді жаратпақпын. Бұрынғылар енді еске алынбай, ойға да келмейтін болады.
Ишая 65:17 -
Біздің бәріміздің көктегі Әкеміз бірдей ғой! Бәрімізді де бір Құдай жаратқан жоқ па?! Ендеше неліктен біз бір-бірімізге опасыздық жасап, Жаратқан Иенің ата-бабаларымызбен жасаған Келісімін бұзамыз?
Малахи 2:10 -
Алайда жаратылыстың басталуында-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты».
Марқа 10:6 -
Себебі сол күндері жаратылыс басталғаннан бері күні бүгінге дейін ешқашан болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі.
Марқа 13:19 -
Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған.
Жохан 1:3 -
Өйткені Құдайдың көзге көрінбейтін қасиеттері — Оның мәңгілік құдіреті мен құдайлық болмысы дүние жаратылғаннан бері айқын: бұларды Оның жаратқан нәрселерінен байқап түсінуге болады. Сондықтан адамдар Құдайды біле алмадық деп сылтаурата алмайды. Олар Құдай туралы білсе де, Оны Құдай деп дәріптеп, шүкірлік еткен жоқ. Керісінше, адамдар түкке тұрғысыз ойға берілді. Содан саналарын қара түнек басып, наданға айналды. Өздерін ақылдымыз деп жүріп, шын мәнінде ақымақ болып шықты. Осылай олар мәңгі тірі Құдайдың ұлылығына табынудың орнына ажалды пенденің, құстың, төрт аяқты не бауырымен жорғалаушы жануардың мүсіндеріне құлшылық ететін болды. Сондықтан да Құдай оларды көңілдері ынтыққан азғындықтың былығына батырып жіберді; осылай олар өз тәндерін өздері қорлауда. Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты мойындамай, жалған тәңірлерге сиынып келеді. Жаратушы Иеге бас ұрып ғибадат етудің орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етеді. Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин.
Римдіктерге 1:20-25 -
Бүкіл жаратылыс Құдай Өзінің рухани балаларын анық көрсететін күнді сағына күтіп отыр. Өйткені жаратылыс өз еркімен емес, Құдайдың үкімімен өткіншілікке бағынды. Солай бола тұра, Құдай бізге болашақта жаратылыс та өткіншіліктің құлдығынан босатылып, Құдайдың рухани балаларының салтанатты ұлылығы мен бостандығына жетеді деген үміт берді. Қазірге дейін бүкіл жаратылыстың толғақ азабы секілді бейнет шегіп, ыңқылдай күрсініп жатқанын білеміз.
Римдіктерге 8:19-22 -
Сондай-ақ еркек әйелге бола емес, әйел еркекке бола жаратылды.
Қорынттықтарга 11:9 -
Құдай бізді Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болып, игі істер жасау үшін ерекше қылып жаратты. Соларды орындауымыз үшін Құдай бізге алдын ала жағдай туғызды да.
Ефестіктерге 2:10 -
Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған.
Қолостықтарга 1:16 -
Қайдағы біреу пәлсапасымен, пайдасыз ілімімен сендерді өзіне баурап алмасын, байқаңдар! Адамдар ойлап шығарған аңызға негізделген ондай ілім Мәсіх туралы емес, әлемдегі тұрпайы рухани күштер туралы үйретеді.
Қолостықтарга 2:8 -
жаңа ізгі болмысқа ие болдыңдар. Оны жаратып берген Иеміз Өзін жақынырақ тануларың үшін сендердің рухани жағынан Өзіне ұқсас болуларыңды көздеп соған ұмтылуда.
Қолостықтарга 3:10 -
Олар: «Үйленуге және белгілі бір тағам түрлерін жеуге болмайды!» — деп үйретеді. Алайда сол тағамдарды Құдай Өзіне сеніп, шындықты білетіндердің шүкірлік ете отырып жеулері үшін жаратты.
Қорынттықтарга 4:3 -
Ол туралы тағы мынадай сөздер де айтылған: Ием, жердің негізін салғансың әуел баста, Құдіретіңмен жараттың аспанды да.
Еврейлерге 1:10 -
Ал сенім дегеніміз — үміттенгеннің жүзеге асатынына күмәнданбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану. Тәңір Иеге осындай сенім артқандары үшін ата-бабаларымыз Оның ризашылығына ие болды. Құдайдың әлемді айтқан сөзімен жаратып, ретке келтіргенін, яғни көз алдымыздағы жаратылысты көзге көрінетін заттан емес, ғайыптан жасап шығарғанын сенімімізбен ұғынамыз.
Еврейлерге 11:1-3 -
Ең бастысы, мынаны біліп қойыңдар: осы соңғы заманда арам құмарлықтарына салынып, сендерді келемеждейтін адамдар шығатын болады Мұндайлар: «Иелеріңнің қайтып келетіні жайлы берген уәдесі қайда, ә? Аталарымыз қайтыс болғаннан кейін де барлық жайттар еш өзгеріссіз, жаратылыстың басталуынан бергі қалпында қалып келеді ғой», — дейді Солай ойлағанда олар мыналарды әдейі ескермейді: Құдайдың бұйрығымен көк баяғыдан бері бар болған, ал жер судан шығып, сумен қалыпқа келтірілді Тәңір Иенің бұйрығына сай топан су кенеттен көне заманғы дүниені басып, адамзатты жойып жіберді.
2 Peter 3:3-6 -
Лаудікидегі қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — «Аумин» деп те аталатын Мәсіхтен хабар. Ол — шындықты жариялап, шейіт болған адал да шынайы Куәгер әрі Құдайдың жаратылысының Билеушісі.
Аян 3:14 -
«Уа, Құдай Иеміз, Сен даңқ пен ұлылыққа, құрмет пен билікке лайықсың! Өйткені бүкіл әлемді жаратқан Өзіңсің; Сенің еркіңмен ол жаратылды және бола да береді».
Аян 4:11 -
Ол аспан мен жерді, теңізді және олардағы барлық нәрселерді жаратқан, мәңгі тірі Тәңір Иенің атымен ант беріп, былай деді: «Енді еш кешеуілсіз,
Аян 10:6 -
Мұнан кейін мен аспанның биігінде ұшып бара жатқан ерекше бір періштені көрдім. Ол жер бетінде Құдайға мойынсұнбай тұратын әрбір халыққа, руға, тілге және ұлтқа қарсы Құдайдың мәңгілік жеңісі туралы Ізгі хабарды жариялады. Сол ерекше періште қатты дауыспен: — Құдайды терең қастерлеп, даңқтаңдар, Оның ұлылығын дәріптеп мадақтаңдар! Себебі Оның адамзатты соттайтын уақыты туды. Көк пен жерді, теңіз бен су көздерін жаратқан Құдайға бас ұрып ғибадат етіңдер! — деп жар салды.
Аян 14:6-7