бақыт
- 
Өзіңе үміт артқандар шаттансын, Лайым қуана мадақтап ән салсын. Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын, Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың.
 Жыры 5:11
- 
Шын өмір жолын маған көрсетесің, Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің, Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.
 Жыры 16:11
- 
Сен патшаны мәңгілік жарылқадың, Қасыңда болу қуанышын сыйладың.
 Жыры 21:6
- 
Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады, Ал рақымы өмір бойы ұласады. Кешке жылап-сықтау басым болады, Ал таң ата қуаныш тосып тұрады.
 Жыры 30:5
- 
Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін Қуана әндетіп жинамақ өнімін: 
 Жыры 126:5
- 
Жаратқан Иені қастерлейтін, Оның жолдарымен жүретін Әрбір адам қандай бақытты!  Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің, Құдай сені жарылқап, өркендейсің. 
 Жыры 128:1, 2
- 
Жаратқан Иенің азат еткен халқы Сионға ән шырқап қайтып келеді, Олар ұдайы мәз-мейрам болады, Қуаныш пен шаттыққа кенеледі, Қайғы-қасірет, күрсіну атаулы Бастарынан бірден алыстап кетеді!
 Ишая 35:10
- 
Нехемия: «Осымен барыңдар, дәмді тамақ жеп, тәтті сусын ішіңдер! Мерекелік ас дайындамағандарға үлестерін беріп жіберіңдер! Өйткені бүгінгі күн — Иемізге бағышталған қасиетті күн. Сонымен қайғырмаңдар! Себебі Жаратқан Иеге деген қуаныштарың сендерге күш-қуат беріп, паналарың болады!» — деп қосты.
 Нехемия 8:10
- 
Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым.
 Жохан 15:11
- 
Құдайдың Патшалығы ішіп-жеуде емес, Киелі Рухтың күшімен әділ, өзара тату, қуанышты өмір сүруде.
 Римдіктерге 14:17