Құдайдың жабдықтау


  • Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
    Жыры 23:1
  • The young lions do lack, and suffer hunger: but they that seek the LORD shall not want any good thing.Арыстандар азыққа зәру жүре алады, Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды.
    Жыры 34:10
  • Жас та болдым, енді міне, қартайдым, Көрмедім әділ жанның бейшара болғанын, Ұрпағының қайыршы боп нан сұрағанын.
    Жыры 37:25
  • Әрдайым Иеміз мадақталсын, Құтқарушы Құдайымыз даңқталсын: Жүгімізді көтеріп жүр Ол күн сайын, Құдайдың Өзі — бізді аман сақтайтын.
    Жыры 68:19
  • Мен Жаратқан Ие — бірден-бір Тәңірлеріңмін, Мысыр елінен алып шыққан Иелеріңмін. Ал енді, ауыздарыңды ашыңдар айқара, Мен оларды толтырамын жақсылыққа.
    Жыры 81:10
  • Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды, Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды, Ол тура жолменен жүретін адамдарды Сыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды.
    Жыры 84:11
  • Барлығының көздері бір Өзіңде, Тамақтарын бересің мезгілінде, Әр тірі жанға қолыңды ашасың, Мархабатпен барлығын тойындырасың.
    Жыры 145:15, 16
  • Әділ жан тамағын тойып ішер, Арамзаның қарны аш жүрер.
    Притчи 13:25
  • Егер Маған мойынсұнып, тілімді алсаңдар, жердің жақсы өнімдерін жейтін боласыңдар. Алайда қасарысып, Маған қарсы тұра берсеңдер, сендерді жаудың семсері жалмап қояды». — Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан.
    Ишая 1:19, 20
  • Осылайша оларды да, Өзіме бағышталған Сион тауының айналасындағы жерлерді де жарылқаймын. Мен жаңбырларды мезгілінде жіберемін, олар жарылқау әкелетін жаңбыр болады.
    Езекиел 34:26
  • Әлде адамның Құдайдан ұрлауына бола ма? Алайда сендер Менен ұрлайсыңдар! «Сенен қалайша ұрлайды екенбіз?» деп сұрасаңдар, жауабым мынау: Өнімнің он бөлігінің бірін және өзге де тиесілі сый-тартуларды бермеулерің арқылы! Сендердің барлығың, бүкіл халқың да қарғысқа ұшырадыңдар! Себебі сендер Менен ұрлап жатырсыңдар! Киелі үйімде әрдайым тамақ болуы үшін қоймама өнімнің он бөлігінің бірін толықтай алып келіңдер! Менің не істейтінімді осы арқылы сынап көріңдер! — деп ұсынады Әлемнің Иесі. — Сонда Менің аспаннан мол жауын-шашын жаудырып, сендерді жарылқауымның ағыл-тегіл болатыны соншама, оның бәрін жайғастыратын орындарыңның да болмай қалғанын көресіңдер!
    Малахи 3:8-10
  • Сендер сондайларға ұқсамаңдар! Себебі көктегі Әкелерің өздерің сұрамай тұрып-ақ, сендерге не керек екенін біледі.
    Матай 6:8
  • Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
    Матай 6:33
  • Құдайдан сұраңдар, сонда ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады. Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қағып тұрғанға есік ашылады.
    Матай 7:7, 8
  • Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкелеріңнің Өзінен сұрағандарға жақсылық жасайтыны ешбір шүбәсіз!
    Матай 7:11
  • Құдайға сеніммен сиынып (Оның еркіне сай) нені сұрасаңдар да, Одан аласыңдар, — деп жауап берді.
    Матай 21:22
  • Содан кейін Иса шәкірттеріне: — Мен сендерді жолға ақша салатын қалта да, жолдорба да, артық аяқкиім де алғызбай жұмсап жібергенімде, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар: — Жоқ, еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, — деп жауап қайтарды.
    Лұқа 22:35
  • Сол сияқты, Иеміз Ізгі хабарды уағыздаушылардың осы қызметтерімен күндерін көруіне әмір еткен.
    Қорынттықтарга 9:14
  • Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы бойынша қамтамасыз ететін болады.
    Філіпіліктерге 4:19
  • Өйткені ақшақұмарлық — әр түрлі жамандықтың түп-тамыры. Кейбіреулер осыған бола сенімдерінен адасып, өздерін көптеген қайғы-қасірет пен өкінішке душар етті.
    Тімотеге 6:10
  • Одан не сұрасақ та, аламыз. Өйткені Құдайдың өсиеттерін орындап, Ол не қаласа, соны істейміз.
    Жоханның 3:22
  • Біз Оның еркіне сай бір нәрсе сұрасақ, Құдай тілегімізге құлақ салады деп нық сенеміз. Не сұрасақ та, Құдай бізге құлақ салады деп білсек, Оның тілегенімізді беретінін де білеміз.
    Жоханның 5:14, 15