Құдай Иеге бағын


  • Жаратқан Ие: — Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды.
    Исход 33:14
  • Олар төмен түсіп, қала шетіне жеткенде Самуил: «Қызметшің алға қарай жүре берсін, — деп бұйырды. Қызметші ілгері кеткеннен кейін Самуил Саулға: — Енді өзің кідіре тұр, саған Құдайдың не айтқандарын білдірейін», — деді.
    Царств 9:27
  • Аса Яһуда халқын осы іске жігерлендіріп былай деген болатын: «Сол қалаларды салып, оларды қабырғалармен әрі мұнаралармен қоршайық. Мықты бөренелермен бекітілген қақпалар да тұрғызайық! Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге бет бұрып сиынып келеміз, сол себепті ел әлі де біздікі. Иә, Жаратқан Иеге бет бұрып, Оның еркін біліп, орындауға ұмтылып келеміз. Содан Ол бізге барлық жағымыздан тыныштық сыйлады!» Мұнан соң халық құрылысқа жаппай қатысып, табысқа жетті.
    2 Паралипоменон 14:7
  • Ашуланғанда күнә жасамаңдар, Төсекте жатқанда ойланып-толғаныңдар, Жүрек түкпірін тексеріп, тынығыңдар!
    Жыры 4:4
  • Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді, Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді! Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді!
    Жыры 27:14
  • Шыдамды бол Жаратқанның алдында, Шешімін күт сабырмен, еш асықпа! Арам жоспарын іске асырған жанға, Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!
    Жыры 37:7
  • Нық сүйеніп келемін Жаратқан Иеме, Бұрылып, құлақ түрді Ол өтінішіме.
    Жыры 40:1
  • «Тынышталыңдар барлығың енді, Біліңдер Менің Құдай екенімді! Басқа халықтар Мені құрметтейді, Дүние жүзінде Мені қастерлейді».
    Жыры 46:10
  • Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды, Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды, Мәңгілік құлатпайды әділ жанды.
    Жыры 55:22
  • Халайық, лайым Оған сенім артыңдар, Ойларыңды Оған толық ашыңдар, Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!
    Жыры 62:8
  • Әрдайым ойын Саған бағыттаған Әрі сенімін бір Өзіңе артқан Жанды сақтайсың Сен тыныш, аман.
    Ишая 26:3
  • Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: — Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын. Алайда солай істегілерің келмеді.
    Ишая 30:15
  • Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек.
    Ишая 32:17
  • Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де, Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке Самғай жөнеледі, алайда талмайды, Жүре береді, бірақ еш болдырмайды.
    Ишая 40:31
  • Ал Жаратқан Иеге сенімін артатын, бар үмітін Оған жүктейтін адам бақытты! Ол судың жағасында өсіп тұрған, тамырларын өзенге қарай созған ағашқа ұқсайды. Аптап ыстық келсе де, еш қауіптенбей, жапырақтары да әрдайым жасыл болады. Қуаңшылық жылы да алаңдамайды, ешқашан жеміс бермей қалмайды.
    Еремия 17:7, 8
  • Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Сол кезде Маған сиынып шақырасыңдар, алдыма келіп дұға етесіңдер, ал Мен сендерге құлақ асамын. Егер де Маған шын жүректен бет бұрып сиынып Мені іздесеңдер, табасыңдар.
    Еремия 29:11-13
  • Иеміз ізгі Өзіне үміт артқанға, Шындап Оған бет бұрып сиынатын жанға! Жаратқанның оны құтқарып азат етуін Сабыр сақтап күткені игі адам үшін.
    Плач 3:25, 26
  • Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, Өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, Тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, Әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».
    Матай 11:28-30
  • Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды.
    Філіпіліктерге 4:7
  • Сол себептен мен осындай азап көріп жатырмын. Ал соған еш ұялмаймын, себебі Кімге сенім артқанымды білемін. Оның қайтып келетін күніне дейін Өзінің маған аманаттаған Ізгі хабарын аман-есен сақтайтынына кәміл сенемін.
    2 Тімотеге 1:12
  • Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!
    Петірдің 5:7