сенім
-
Құдай мені өлтірмек болса да, Оған үмітімді артамын. Қайткенде де іс-әрекеттерімді Оның алдында қорғайтын боламын.
Әйүп 13:15 -
Өз ақыл-санаңа сүйеніп жүрме, Сенім арт шын жүректен Жаратқан Иеңе. Бар жағдайда да мойында Тәңір Иеңді, Сонда Ол тура жолмен жетелер сені.
Притчи 3:5, 6 -
Исраилдің Киелі Құдайы — Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: — Теріс жолдарыңнан қайтып, тынышталыңдар, сонда құтқарыласыңдар. Уайымға салынбай Маған сенім артыңдар, Мен сендерді күшті қыламын. Алайда солай істегілерің келмеді.
Ишая 30:15 -
Сонда Иса: — Сенімдеріңе сай болсын! — деп, көздеріне саусағын тигізді.
Матай 9:29 -
Иса оларға былай деді: — Сенімдеріңнің жеткіліксіздігінен. Сендерге шындығын айтайын: тіпті тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, мына тауға: «Бұл жерден ана жаққа көш!» десеңдер, ол көшер еді. Қолдарыңнан келмейтін ештеңе де болмас еді.
Матай 17:20 -
Иса оған: — «Қолыңыздан келсе» деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін, — деп жауап берді.
Марқа 9:23 -
Иса жауап беріп шәкірттеріне былай деді:
Марқа 11:22 -
Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! —
Лұқа 1:37 -
Сонымен, Иеміз Иса Мәсіхке деген сеніміміз арқылы ақталғандықтан, Оның арқасында Құдаймен татумыз.
Римдіктерге 5:1 -
Сонымен, сенім хабарды естуден келеді, ал естудің өзі Мәсіхтің сөзін жариялаудан болады.
Римдіктерге 10:17 -
Ал бір тамақты жеп отырып, «мұным дұрыс емес пе» деп күмәнданған адам айыпталады. Себебі ол соны сеніммен істеген жоқ. Адамның дұрыс екендігіне күмәні бола тұра істеген істерінің бәрі де күнә.
Римдіктерге 14:23 -
Сонымен, біреу Мәсіхпен тығыз байланыста болса, сол — жаңадан жаратылған адам. Ескі өмірі өтіп кетіп, міне, жаңасы пайда болды!
2 Қорынттықтарга 5:17 -
Бұларға қоса сенімдеріңді «қалқан қылыңдар», онымен шайтанның барлық «отты жебелерін» өшіріп тастай аласыңдар;
Ефестіктерге 6:16 -
Біз айтқанымызға адал болмасақ, Ол айтқанына адал болып қала береді, Өз болмысымен келіспейтінді Ол істемейді».
2 Тімотеге 2:13 -
Әділ адамым сенімі арқылы шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып, бағытынан кері қайтса, Мен оған риза болмаймын.
Еврейлерге 10:38 -
Ал сенім дегеніміз — үміттенгеннің жүзеге асатынына күмәнданбау, әлі де көрінбей тұрған уәденің орындалуына шүбәсіз илану.
Еврейлерге 11:1 -
Ал сенім артпай Құдайға ұнау мүмкін емес. Құдайға келген әркім Оның бар екеніне сенуге және Өзін іздеп, жақыннан танығысы келгендерді Құдайдың жарылқайтынына илануға тиіс.
Еврейлерге 11:6 -
Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.
Еврейлерге 12:2 -
Ал егер кейбіреулерің даналыққа мұқтаж болсаңдар, Құдайдан сұраңдар, Ол береді. Тәңір Иеміз еш жазғырмай-ақ бәріне жомарттықпен бере салады. Тек шүбәланбай, сеніммен Құдайдан сұрауларың керек. Себебі күмәнданған адам жел айдап, соқтығысқан теңіз толқынына ұқсас. Мұндай кісі Жаратқан Иеден бір нәрсе аламын деп күтпесін: ол — екіойлы, барлық іс-әрекетінде тұрақсыз адам.
Жақыптың 1:5-8 -
Демек, жансыз тәннің өлі екеніндей, әрекетсіз сенім де өлі.
Жақыптың 2:26 -
Қазір сендерге біраз уақыт азап шегіп, қуғын-сүргін көруге тура келгенмен, осы сөнбес үмітке қуаныңдар! Азап шегулеріңнің мақсаты — шын жүректен сенгендеріңді дәлелдеу. Жойылып кетуі мүмкін алтын отта балқытылған кезде сыналып, тазартылады. Сол сияқты, алтыннан әлдеқайда бағалы сенімдерің де бастан кешкен азаптарың арқылы сыналып, берік те шынайы екендігі дәлелденеді. Сонда Иса Мәсіхтің қайта оралып, ашық көрінетін күні Құдай сендерді мадақтап, даңқ пен құрметке бөлемек. Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар. Ақыр соңында сенімдеріңнің нәтижесін: жандарыңның толықтай құтқарылуын қабылдамақсыңдар.
Петірдің 1:6-9 -
Өйткені Құдайдың рухани балалары осы күнәлі дүниені жеңеді. Осы дүниені жеңген күш — біздің сеніміміз.
Жоханның 5:4