Забур жырлары
Тарау 23 [22]
(Дәуіттің жыры.)Жаратқан Ием — менің Бағушым, Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
2 Ол мені жасыл жайлауға жаяды, Тұнық суға жетелеп апарады.
3 Ием жаныма күш дарытады. Есімі «Қасиетті» деп аталады, Содан артамын Оған сенімімді: Ол мені тура жолмен жетелейді.
4 Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен, Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден, Себебі Өзің менің қасымдасың, Жігер береді сойылың мен таяғың.
5 Сен маған дастарқан жаясың Көз алдында дұшпандарымның, Мені құрметпен қарсы аласың, Тостағанды толтыра құясың.
6 Жақсылық пен мейірімділік Үлесім болады өмірлік, Жаратқан Иенің үйінде Мен қала беремін мәңгілік.