Тарау 115 [114]
1 Қатты сүйемін Жаратқан Иені, Жалынған даусымды Ол естіді, 2 Иә, Ием құлақ түрді маған, Өмір бойы сиынбақпын Оған. 3 Өлімнің торы жан-жақтан шырмады, Ажалдың азабы мені қинады, Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды. 4 Жаратқанның атын атап сиындым: «Уа, Ием, құтқаршы мені!» — деп шақырдым. 5 Жаратқан Ие әділ де рақымды, Біздің Құдайымыз сондай қайырымды! 6 Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды, Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарып алды. 7 Тыныштала гөр енді, уа, жан дүнием, Мол игілік жасады Жаратқан Ием. 8 О, Жаратқан, Сен жанымды өлімнен Құтқардың һәм көзімді жас төгуден, Аяғымды сақтадың сүрінуден. 9 Осылай мен тірілердің ғаламында Жүремін Жаратқанның көз алдында.